Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескерту жариялады.
Өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады
Фото: iStock
161
оқылды

11 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, тұман, шаңды дауыл, желдің 25 м/с-қа дейін күшеюі, сондай-ақ 37°С-қа дейінгі аптап ыстық болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоғары және төтенше өрт қаупі Жетісу, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы және Атырау облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында сақталады.
Жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 15–20 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Жетісу және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Қонаев қаласында ауа температурасы 35–37°С-қа дейін көтеріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.