Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елші мен Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
