Жетісу облысында букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқан екі лауазымды тұлға қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Көксу ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында жекелеген мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тіккені анықталған. Олардың ойын шоттарын толықтыруға жұмсаған жалпы сомасы 7,7 миллион теңгеден асқан.
Прокурорлық ден қою актісінің нәтижесінде тәртіптік комиссия екі лауазымды тұлғаны қызметінен босатты. Олардың бірі – мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы.
