Өнер иесі бала күнінде өнердегі ағасы Ақжол Мейірбековтің айтқан сөзі өміріне әсер еткенін еске алды.
«Ақжол Мейірбековтің бір ауыз сөзі өміріме әсер етті»: әнші Ғаділбек Жаңай жан сырын ақтарды (видео)
262
оқылды

Әнші Ғаділбек Жаңай «1001 түн» бағдарламасында қонақ болды, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бала күнінде өнердегі ағасы Ақжол Мейірбековтің айтқан сөзі өміріне әсер еткенін еске алды. Ол балаларға тек армандап қана қоймай, арманыңа жетуге әрекет жасау керек екенін айтқан. Бала кезінде естіген бұл сөз өзіне мотивация болғанын жеткізді.

«Марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыз біздің ауылға келіп, концерт өткізді. Біз ағамыз сахнаға шыққанша сенбей, толқып жүрдік. Ол сахнаға шыққанда, сенер-сенбесімізді білмей, қуанғаннан айқайлай бердік. Ол кезде кішкентай баламыз. Ақжол ағамыз сол кезде «Осы балалардың ішінде мықты мұнайшы, мықты әнші, басқа да мықты маман отыруы мүмкін. Балалар, ең бастысы армандарыңды алдамаңдар. Арманыңа қарай әрекет жасасаң, міндетті түрде жетесің» деді. Мұны өзіме айтылғандай қабылдадым. Осы сөз өміріме қатты әсер етті дейді», – дейді Ғаділбек Жаңай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.