Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Орталық Азиядағы ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік стратегияны валидациялау және эписистемалар бойынша өңірлік семинар өтті.
Мал обасына қарсы жұмыстар талқыланды
146
оқылды

Үшкүндік іс-шара Seifullin Univer­sity агротехнопаркінің Си­туациялық орталығында өт­кі­зілді. Семинарға БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО), Азық-түлік Қауіпсіздігі жө­ніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) өкілдері, халықаралық са­рап­шылар, мемлекеттік және ветеринариялық қызметтер мен бейінді ұйымдардың мамандары қатысты. 

Іс-шараның ашылуында университет атынан Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі про­рек­тор Сәрсенбай Абдрахманов сөз сөйлеп, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасының ветеринария саласымен ғана шектел­мей­ті­нін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ауру мал шаруашылығының тұ­рақ­ты дамуына тікелей әсер ететін маңызды қауіптердің бірі.

Шара барысында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйы­мы аппаратының басшысы Азамат Бердібай қатысушыларға ал­ғы­сөзін арнап, ветеринариялық жә­не азық-түлік қауіпсіздігін ны­ғайту жолында елдер мен ха­лық­аралық ұйымдардың күш-жігерін біріктірудің маңызды­лы­ғына тоқталды.

Сондай-ақ ФАО-ның Қазақ­стан­дағы бағдарламалар үйлес­тіру­шісі Жаңыл Бозаева өңірлік өзара іс-қимыл мен ҰКЖО-ның та­ралуының алдын алуға және оны кезең-кезеңімен жоюға ба­ғыт­талған бірлескен жұмыстың ой­дағыдай атқарылып жатқанын жеткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – эписистемалық тәсілді тәжі­ри­беде қолдану және Орталық Азия­дағы ҰКЖО-ны жою жөнін­де­гі Өңірлік стратегияны техни­ка­лық тұрғыда валидациялау. Не­гізгі назар өзара байланысты эпи­системаларды айқындауға, эпи­демиологиялық қадағалау мен зерт­ханалық диагностиканы же­тіл­діруге, вакцинация, деректер алмасу, трансшекаралық үйлес­тіру және бірлескен жоспарлау мәселелеріне аударылады. 

Үш күн бойы халықаралық са­рапшылар, ФАО, АҚИҰ және мем­лекеттік органдардың өкілдері аг­ротехнопарк базасында жұмыс ат­қарды. Бағдарлама аясында ел­дік таныстырылымдар, сарапта­ма­лық сессиялар және жұмыс топ­та­рының кездесулері өткізілді. Қатысушылар өңірдегі эпиде­мио­логиялық ахуалды, ауыл шаруа­шы­лығы жануарларының қозға­лы­сы мен жабайы фаунаның ауру таралуындағы рөлін, сондай-ақ эпидемиологиялық қадағалау мен диа­гностика мәселелерін жан-жақ­ты талқылады.

Жеке жұмыс блогы ҰКЖО жө­нін­дегі Өңірлік стратегия жо­ба­сын валидациялауға арналады. Сарапшылар Жол картасын, басым эписистемаларды, вакцинация тетіктерін және трансше­ка­ралық өзара іс-қимылды қарасты­рып, болашақ өңірлік жобаның негізгі бағыттарын айқындайды.

Семинардың қорытынды күні ст­ратегиядан нақты іс-қимылдар­ға көшу мәселелеріне арналды. Қа­тысушылар ұлттық және өңір­лік деңгейдегі келесі қадамдарды, әріптестік мүмкіндіктерін және одан әрі үйлестіру тетіктерін тал­қылап ортақ тұжырымға келді. 

ҚАТЗУ алаңында өткізілген бұл семинар ветеринариялық қа­уіп­сіздік саласындағы халық­ара­лық сараптамалық диалогты ны­ғайтуға, Орталық Азиядағы мал шаруашылығын қорғау мен аг­рар­лық сектордың тұрақты дамуына бағытталған ортақ шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік бере­тін болады.

Ардақ СҰЛТАН