Есепті аптада Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендегені байқалды.
Қазақстандықтар ең көп тұтынатын азық-түлік түрлері арзандады
Фото: iStock
170
оқылды

Апта ішінде картоптың (-6,9%), пияздың (-5,9%), ақ қырыққабаттың (-5,1%), сәбіздің (-4,5%), алманың (-0,8%), нанның (-0,4%) және ірімшіктің (-0,3%) бағасы төмендеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Есепті аптада бірінші сұрыпты бидай ұны, рожки, сүт және сүзбе бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлік бөліністе елдің бірқатар қалаларында дефляциялық динамика байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары  бағаларының жалпы деңгейі Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістан қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Тараз қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы бір келісіне 156 теңгені құрады. Бұл ретте ең төмен баға Павлодар қаласында тіркелді,  бір келісі 123 теңге.

Ел бойынша сәбіздің орташа бағасы бір келісіне 227 теңгені құрады. Ең төмен баға Павлодар қаласында тіркелді,   бір келісі 146 теңге.

Республика бойынша картоптың орташа бағасы бір келісіне 217 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 152 теңге және Қостанай қаласында  184 теңге деңгейінде тіркелді.

Қызанақтың орташа бағасының бір келісі 586 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді, бір келісі 347 теңге.

Ет өнімдерінің ішінде республика бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бағасы бір келісіне 3 819 теңгені, тауық етінің бағасы 1 747 теңгені құрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.