2026 жылғы 13 қыркүйекте Астанада, Қазақстандағы Отбасы күніне орай, тұтас отбасыларды компьютер алдында біріктірген ерекше киберспорттық ASTANA FAMILY CUP 2026 турнирі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Турнирдің басты ерекшелігі – оның форматы. Бір команданың құрамында ерлі-зайыптылар, аға-інілер, әпке-сіңлілер және басқа да жақын туыстар бірге ойнады. Әдеттегі ойыншылардан құралған командалардың орнына жарыс алаңында нағыз отбасылық құрамдар кездесті.
Турнирдің ұйымдастырушысы – The Summit Esports (TSE).
ASTANA FAMILY CUP жобасының негізгі идеясы – киберспортты басқа қырынан көрсету, яғни оны әртүрлі буын өкілдерін біріктіретін заманауи отбасылық демалыс форматы ретінде таныту.

«Компьютерлік ойындар балалар мен ата-аналарды бір-бірінен алшақтатады немесе отбасының уақытын алады деген пікірді жиі естиміз. Біз оны мүлде басқа қырын көрсеткіміз келді. Бұл жерде отбасы бір командаға айналады: бірге тактика құрады, жеңіс пен жеңілісті бірге қабылдайды, бір-біріне қолдау көрсетеді. Сондықтан алғашқы осындай турнирді дәл Отбасы күнінде өткізу біз үшін ерекше символдық мәнге ие болды», – деді турнир ұйымдастырушысы Азамат Божак.
Қатысушылар алдымен топтық кезеңде бақ сынап, одан кейін үздік отбасылық командалар плей-офф кезеңінде жүлделі орындар үшін күресті жалғастырды.
Ұйымдастырушылар ASTANA FAMILY CUP жобасын бір реттік іс-шара ретінде емес, Қазақстанда отбасылық киберспорттық іс-шаралардың жаңа дәстүрін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жоба ретінде қарастырады.
