Ресей Федерациясынан 252 мың дана тауық жұмыртқасын кіргізуге жол берілмеді.
Қазақстанға 252 мыңнан астам жұмыртқаны кіргізуге тыйым салынды
Фото: gov.kz
103
оқылды

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына ветеринариялық құжаттарсыз 252 мың дана тауық жұмыртқасын кіргізудің жолы кесілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жайсан» ветеринариялық бақылау бекетінде ҚР АШМ ВБҚК Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері Ресей Федерациясынан Байқоңыр қаласына бағыт алған көлік құралын бақылау барысында тасымалданатын жүкке қажетті ветеринариялық құжаттардың жоқ екенін анықтады.

Аталған құқықбұзушылық бойынша тиісті акт және әкімшілік хаттама толтырылып, жұмыртқа Ресейге кері қайтарылды.

Тасымалдаушыға ветеринариялық заңнама талаптары және бақылаудағы өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу қағидалары түсіндірілді.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бақылаудағы өнімдердің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін қатаң бақылауды және тиісті ветеринариялық құжаттарсыз өнімдердің әкелінуіне жол бермеуге қатысты шараларды күшейтуді жалғастыратын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.