Ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелі туралы жағымсыз ақпарат таратып, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп айыпталған актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысында прокурор жаза тағайындауды сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Журналист Руслан Өтепбайдың мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы актерді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Сот барысында Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбалар мен айтылған сөздер қаралып жатыр.
Айыптау тарапы актердің әрекеті бұрынғы жұбайының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп есептейді.
Ал Нұрсұлтан Жақсыген өз атынан фейк парақша ашылғанын айтып, тағылған айыпты жоққа шығарды.
Әзірге сот үкімі шыққан жоқ.
