2026 жылғы 14 қыркүйекте Бурабайда қазіргі заманғы қатерлер жағдайында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс-шараға Қазақстанның ҰҚК, Әзербайжанның МҚҚ, Қырғызстанның ҰҚМК, Тәжікстанның ҰҚМК, Түрікменстанның ҰҚМ және Өзбекстанның МҚҚ басшылары қатысты.
Кездесуге қатысушылар жағдайды бағалау бойынша пікір алмасып, терроризмге, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, сондай-ақ трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту мақсатында өзара тығыз іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
