Келіссөз барысында екі елдің жүйелі байланысты үзбеуге, бір-біріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендері айтылды.
Ли Чжэ Мёң кезінде жер аударылған корейлерге пана болған қазақ халқына алғыс айтты
154
оқылды

Корея Республикасының президенті Қазақстан басшысына ілтипат білдіріп, оның Сеулге жасаған сапарына айрықша мән беретінін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Корея тарихында айрықша орны бар және қиын-қыстау кезеңде халқына қорған болған генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтару жөнінде шешім қабылдағаныңызға алғыс айтамын. Қазақ халқы кезінде жер аударылған корейлерге пана болды. Осы орайда Сізге және қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз, – деді Ли Чжэ Мёң.

Келіссөз барысында екі елдің жүйелі байланысты үзбеуге, бір-біріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендері айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша, мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Корея Республикасының стратегиялық серіктестігін нығайтуға және оны жаңа әрі нақты мазмұнмен толықтыруға ниетті екенін растады.