Әлеуметтік желіде марқұм журналист Бейсен Құранбектің видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Журналистің жастармен кездесуде айтқан сөзі көпшілікті ойландырды.
«Алғаш 2020 жылы директор болып келгенімде осында үлкен кресло қойыпты. Отырып көрсем, жағып барады, тұрғың келмейді екен. Креслоның буы болады екен. Өзімнің журналистігімді ұмытып, шенеунік болып барамын. Содан қарапайым орындық керек деп алдырдым. Біріншіден, өзіңнің журналист екеніңді ұмытып кетпейсің. Екіншіден, жұмсақ орындық адамды жалқау етеді. Мен шенеунік емес, журналиспін», – дейді ол.
Желі қолданушылары журналистің ел қамын ойлаған азамат болғанын айтып, жылы лебізін білдірді.
«Жаны жәннаттың төрінде шалқысын. Адал, намысты азамат еді», «100 жылда бір туатын асыл тұлғалар еді ғой», «Қазақтың маңдайына сыймай кеткен, қайталанбас тұлға. Жатқан жері жаннаттың төрі болсын», «Асыл азамат еді! Жылтырға қызықпай, қарапайым халықтың жалауын көтерген адал журналист болды. Қаншама сағы сынып, тауы шағылған жандарға жылу мен үміт сыйлаған бір туар қазақтың жанашыр ұлы болған Бейсен ағамыз. Жәйі жәннәттың төрінде шалқысын», – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
