«Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында жастардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған кездесу өтті.
Жастары сау қоғам құнды
98
оқылды

Шараға 30-дан астам студент қатысып, жастар арасында жиі кездесетін стресс, мазасыздық, эмоционалдық шаршау, әлеуметтік қысым және болашаққа алаңдаушылық мәселелері талқыланды.

Кездесуге арнайы шақырылған Ұлытау облысы Полиция депар­таменті Қоғамдық қауіпсіздік бас­қармасы Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подпол­ковнигі Раиса Қаржасова, «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының халықаралық ынты­мақтастық және үздік тәжірибелер бағытының үйлестірушісі Раушан Қапарова және «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі, әйелдер қанатының мүшесі Айнаш Жаналина жастардың психологиялық жағ­дайына әсер ететін факторларға тоқталып, қиын жағдайдан шығудың тиімді әрі қолжетімді жолдары ту­ралы пікір алмасты. 

– Жалпы, Ұлытау облысында 15-35 жас аралығындағы 60 364 жас бар. Облыста жастар ресурстық орталығы, жастардың IT жобаларын қолдау орталығы, сондай-ақ жас­тармен жұмыс істейтін «Жастар Рухы», «Жаңа адамдар», «Дала қы­рандары» қоғамдық бірлестіктері бар. Кездесуде жастардың психо­логиялық саулығы тек жеке адамның мәселесі емес, қоғам үшін де ма­ңызды құндылық екені айтылды. Оларды мәселемен жеке қалдыр­мау, дер кезінде көмек беру біздің бас­ты міндетіміз, – деді Гүлбану Сейт­жанова.

Кездесудің интерактивті бөлі­гінде студенттер бес топқа бөлініп, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін түрлі ситуацияны талқылады. Атап айтқанда, оқу тапсыр­маларының көптігі, жаңа ортаға бейімделу, үйді сағыну және топтық чаттағы жа­ғымсыз жағдайлар бойынша өз шешімдерін ұсынды.

Бекбол АМАНГЕЛДІ