Біріккен күресі әлемі (UWW) әлем чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.
Күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды
Фото: ҚР ҰОК
123
оқылды

12-18 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрестен әлем чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала берілген өтінімге сәйкес, Қазақстан атынан бұл додаға 30 спортшы қатысады. ҚР ҰОК мәліметінше, Ұлттық құрама еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен барлық салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.

Еркін күрес

57 келіге дейін: Еламан Амангелді

61 келіге дейін: Нұрданат Айтанов

65 келіге дейін: Шерхан Әбіл

70 келіге дейін: Майис Алиев

74 келіге дейін: Нұрдәулет Сейілбеков

79 келіге дейін: Ерхан Әбіл

86 келіге дейін: Абылайхан Үзембаев

92 келіге дейін: Камиль Құруғлиев

97 келіге дейін: Нұрдәулет Бекенов

125 келіге дейін: Әлімжан Сәлімжан

Грек-рим күресі

55 келіге дейін: Арсен Жұма

60 келіге дейін: Айбек Айтбеков

67 келіге дейін: Рамиль Расим

72 келіге дейін: Юсуф Ашрапов

77 келіге дейін: Ақжан Ықыласов

82 келіге дейін: Айбек Қалиахмет

87 келіге дейін: Бейбарыс Тұрғанбекұлы

97 келіге дейін: Нұрасыл Аманалы

Әйелдер күресі

50 келіге дейін: Лаура Ғаниқызы

53 келіге дейін: Динара Дәулетқызы

55 келіге дейін: Шұғыла Өмірбек

57 келіге дейін: Анна Стратан

59 келіге дейін: Виктория Хусаинова

62 келіге дейін: Тыныс Дүбек

65 келіге дейін: Жаныл Бекен

68 келіге дейін: Ұлдана Тілеухан

72 келіге дейін: Жібекжан Сабыржанова

76 келіге дейін: Алина Ертөстік

Айта кетейік, Біріккен күресі әлемі (UWW) әлем чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Жарыс басталғанға дейін спортшылардың тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.