Республикалық бюджет шығындары 2027 жылы 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарланған.
2027 жылы бюджет тапшылығы 2,3 пайызға дейін жетеді
184
оқылды

Қазақстанда 2027 жылы республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызы деңгейінде жоспарланған. Үкімет кейінгі екі жылда бұл көрсеткішті біртіндеп төмендетуді көздеп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстыру кезінде айтты.

«Республикалық бюджет тапшылығы 2027 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,3 пайыз деңгейінде айқындалып, 2028 жылы 1,0 пайызға және 2029 жылы 0,4 пайызға дейін кезең-кезеңімен төмендейді», – деді вице-министр.

Оның мәліметінше, мұнайға қатысты емес тапшылық та біртіндеп қысқарады. 2027 жылы оның деңгейі ЖІӨ-нің 5,3 пайызына тең болса, 2028 жылы 3,5 пайызға, 2029 жылы 2,5 пайызға дейін төмендейді.

Ал республикалық бюджет шығындары 2027 жылы 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарланған. 2028 жылы 29,4 трлн, 2029 жылы 29,6 трлн теңге болады деп болжанып отыр.