Килианның хореографиясы Стивен Райхтың Drumming part 1 шығармасымен сабақтаса өріледі.
Килианнан  Bolero X дейін: «Астана Балет» заманауи хореография кешін өткізеді
188
оқылды

"Астана Балет" театры 1 қазанда көрермен қауымды заманауи хореография кешіне шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кеш барысында үш түрлі пластикалық әлем – "Жолдан тайған періштелер", Love Fear Loss және Bolero X  үш қойылым, үш түрлі қозғалыс тілі және адам жайлы – оның сезімі, ішкі бостандығы, махаббаты, адасуы және тұтастықтың бір бөлігі болуға деген ұмтылысы туралы үш баян.

Аз-кем кідірістен кейін "Жолдан тайған періштелер" қойылымы елордалық театр сахнасына қайта оралды — көрнекті чех философ-хореографы Иржи Килианның ең танымал жұмыстарының бірі. "Астана Балет" театрына лайықтап сахналаған Стефан Жеромский.

Спектакльде музыка ерекше орын алады. Килианның хореографиясы Стивен Райхтың Drumming part 1 шығармасымен сабақтаса өріледі.  С.Райхтың бұл шығармасы перкуссиялық аспаптарға арналған техникалық жағынан ең күрделі шығармалардың бірі болып саналады. Сахнада оны "Астана Балет" театры симфониялық оркестрінің перкуссиялық тобы орындайды.

Бұл жерде ырғақ тек музыкамен сүйемелдеу ғана емес, тәуелсіз қозғаушы күшке айналады. Алдымен бишілер сахнаға үнсіз шығып, ал қозғалыс өздігінен пайда болғандай әсерде боласыз. Содан кейін барабан дүбірі қосылады,  сөйтіп, спектакль кеңістігі өзгеріп сала береді. Ырғақ өрнегі әр қимыл сайын жаңа қырынан танылып, біртіндеп шиеленісті арттырып, аудиторияны гипноздық күйге түсіргендей болады.

Килиан хореографиясында музыка мен бидің әдеттегі бөлінуі жоқ: олар біртұтас организм ретінде өмір сүреді. Оның стилі ерекше музыкалық, қысқа монохромды эстетика және күрделі пластикамен ерекшеленеді. "Астана Балет" әртістері орындаушылардан мінсіз техниканы ғана емес, сонымен қатар абсолютті ішкі шоғырлануды талап ететін осы ерекше хореографиялық әдісті шебер меңгерді.

Кешті Love Fear Loss хореографиялық композициясы жалғастырады ("Махаббат. Үрей. Айырылу") – аты аңызға айналған француз әншісі Эдит Пиафтың тағдыры мен музыкасынан нәр алып, үш дуэтті біріктірген бразилиялық хореограф Рикардо Амарантенің туындысы. Э.Пиаф әндерін театр концертмейстері Құралай Қанапина фортепианода орындайды.

Кеш шымылдығын Bolero Х балеті жабадыИзраильдік хореограф Шахар Беньяминидің заманауи қойылымыҚойылым биылғы маусымның көрнекті театр премьераларының біріне айналды. Спектакль Морис Равельдің әйгілі "Болеросына" негізделген, бірақ мұнда таныс музыкалық композиция жаңа пластикамен баяндалады. Гипноздық ырғақ, қайталау әдісі және шиеленістің біртіндеп өсуі күшті ұжымдық рәсімге айналады.

"Астана Балет" театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуі қойылымға ерекше қуат дарытқандай. Дирижерлік пульт тізгінін "Астана Балет" театрының бас дирижері Арман Оразғалиев ұстайды.

Кештің үш қойылымы көрерменге мүлдем басқа оптика ұсынады. Олар  камералық және философиялық, драмалық және эмоционалды, ауқымды және энергетикалық. Бірақ олардың барлығы әрқайсымыз жайлы бір баянға айналады.