8 жастағы бала абайсызда суға кетіп, бүлдіршінді жергілікті имам мен ауыл азаматы құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Азаматтарға Индер ауданы әкімінің атынан Алғыс хат табысталды. Индер ауданы әкімінің міндетін атқарушы Фархат Шахметов қиын сәтте адам өміріне араша түскендері үшін азаматтарға алғысын білдірді.

Құтқаруға атсалысқандардың қатарында Атырау қаласындағы «Парасат» мешітінің ұстазы Сержан Тұрақбайұлы да бар.
Оқиға туралы хабар алған Сержан Тұрақбайұлы көп уақыт өткізбей Жайық өзенінің жағасына жетіп, баланы іздеу жұмыстарына қосылған. Кейін оған тағы екі азамат көмекке келіп, үшеуі бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Іздеу барысында Сержан Тұрақбайұлы баланы судың астынан тауып, екі азаматтың көмегімен жағаға алып шыққан. Кейін балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем келгенше қажетті шаралар жасалған.
Баян Жанұзақова
