Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Тбилисиде 55 бала балабақшадан кейін уланып, ауруханаға түсті
204
оқылды

Грузия астанасы Тбилисиде балабақша тәрбиеленушілері жаппай уланып, 50-ден астам бала ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаладағы 20 балабақшадан кемінде 55 бала мен бір тәрбиеші улану белгілерімен медициналық көмекке жүгінген. Олар Тбилисидегі алты медициналық мекемеге орналастырылды.

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары төрт балабақшада және азық-түлік жеткізетін үш компанияда тінту жүргізді. Тергеу аясында құжаттар мен азық-түлік үлгілері тәркіленген.

Алдын ала болжам бойынша, жаппай улануға тағам өнімдеріндегі бактериялық инфекция себеп болуы мүмкін.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.