Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтайдың алдағы отыры­сының күн тәртібі белгіленді.
Инвестициялық келісім Құрылтай қарауында
81
оқылды

Депутаттар бірінші оқылымда Қазақстан Үкіметі мен Азия Инфрақұрылымдық Ин­вес­тициялар Банкі арасын­дағы әріптестік туралы негіз­демелік келісім жөніндегі, сондай-ақ Қылмыстық іс­тер бойынша өзара құ­қық­тық көмек туралы еуро­палық конвенция туралы ратификациялық заң жоба­ларын қарайды.

Құрылтайдың алдағы оты­рысында депутаттар бірінші оқы­лымда Қазақстан Республика­сының Үкіметі мен Азия Ин­­­фра­­құрылымдық Инвестиция­лар Банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ра­тификациялау жобасын қарайды. Келісім инфра­құрылым­дық жоба­ларды қаржы­ландыру құралдарын кеңейтуге және неғұрлым шұғыл жобаларға мемлекет шығыстарын қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайтуға бағы­т­талған. Сонымен қоса, бұл құжат қаржы­ландырудың басым сектор­ларын айқындауға, сондай-ақ жоба­ларды іске асыру рәсімдерін оң­тайландыруға тиіс. 

Келісімді ратификациялау Азия Инфрақұрылымдық Инвес­тициялар Банкімен арадағы бір­лескен бастамаларды іске асы­рудың тиімділігін арттыруға ық­пал етеді. Бұл ретте Қазақстанға көлік, энергетика, цифрлық бай­ланыстар және экономиканың басқа да секторларындағы жоба­ларды қаржыландыру үшін ұзақ­мерзімді инвестициялар тарту мүмкіндігі беріледі.

Бірінші оқылымда 1959 жылы 20 сәуірде Страсбургте жасалған Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуро­палық конвенцияны рати­фикация­лау туралы заң жобасы да қаралады. Конвенцияға қо­сылу Қазақстанға еліміздің құқық қорғау органдарының өндірісін­дегі қылмыстық істер бойынша дәлел­демелер алуға және заңсыз жолмен алынған шетелге шы­ғарылған активтерді елге қай­таруға мүмкін­дік береді. Бұл қыл­мыстық істерді, соның ішінде трансұлттық қыл­мыспен бай­ланысты істерді тер­геудің жедел­дігі мен тиімділігін арт­тырады. 

Бюро сондай-ақ І шақырылған Қазақстан Республикасы Құ­рылтайының өкілеттігін іске асы­рудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын бе­кітті. Жоспарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мем­лекеттік қызметтер көрсету са­­па­сына, өңірлерді дамытуға, биз­несті, ауыл шаруашылығын, ғылым мен цифрландыруды қолдауға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қор­ғауға тікелей байланысты мәсе­лелер енгізіліп отыр.

Іс-шаралар жоспарында Құ­рылтайдың тыңдаулары, Жоғары аудиторлық палатаның есептері, Үкімет сағаттары, комитеттердің көшпелі отырыстары, дөңгелек үстелдер, комитеттердің тақы­рыптық отырыстары, парламент­аралық және халықаралық қыз­мет сияқты бөлімдер кіреді. 

Сонымен қатар Бюро оты­рысында Қазақстан Респуб­лика­сы Құрылтай Төрағасының жа­нынан Депутаттық әдеп кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына Құрылтайдағы барлық тұрақты комитеттердің, сондай-ақ барлық саяси партия­лар фракцияларының өкілдері кірді.