1 тамыздағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың микронесие портфелі 1,323 триллион теңгені құрады.
Елімізде микронесие көлемі жыл басынан бері алғаш рет азайды
166
оқылды

Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғаларға берген микронесие көлемі шілдеде 9,81 миллиард теңгеге немесе 0,74 пайызға азайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

1 тамыздағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың микронесие портфелі 1,323 триллион теңгені құрады. Маусым айының соңында бұл көрсеткіш 1,333 триллион теңге болған. Осылайша, микронесие көлемі жыл басынан бері алғаш рет төмендеді.

Соған қарамастан, жыл басынан бері жеке тұлғалардың микронесие портфелі 30,63 миллиард теңгеге немесе 2,37 пайызға өскен. 1 қаңтарда оның көлемі 1,292 триллион теңге болған.

Мерзімі өткен микронесие көлемі де азайды. 1 тамызда негізгі борышы немесе сыйақысы бойынша кешіктірілген берешегі бар микронесие көлемі 314,89 миллиард теңгені құрады. Бір ай бұрын ол 323,49 миллиард теңге болған. Яғни бір айда 8,6 миллиард теңгеге немесе 2,66 пайызға азайды.

Микроқаржы ұйымдарының жалпы несие портфелі де 1,577 триллион теңгеден 1,570 триллион теңгеге дейін қысқарды.