Тараз қаласының шетіндегі шағынаудандардың бірінде арықтан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнында арық маңында ойнап жүрген балалар судағы затты байқап, бастапқыда оны қуыршақ деп ойлаған. Жақындап барған кезде оның нәрестенің мәйіті екені анықталған.
Алдын ала мәлімет бойынша, сәбидің кіндігі кесілмеген.
Жамбыл облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазір баланың өлімінің себебі мен оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.
– Полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шараларының барлығын жүргізіп жатыр, – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтаркүлова.
Қазіргі уақытта полиция сәбидің анасын іздестіріп жатыр.
