Іс-шара Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Фестивальдің хедлайнері – Ninety One тобы. Сондай-ақ Жанар Дұғалова, Қайрат Баекенов, Ayree, Qanay, ARSHAT, Kalifarniya, SABIRKIN, QADYRBAYEV және Абзал Утешов өнер көрсетеді.
ULY DALA FEST биыл New Level Traditions тұжырымдамасымен өтеді. Бағдарламада әртүрлі жанрдағы қазақстандық орындаушылардың концерті мен сахналық қойылымдар қарастырылған.
Фестиваль идеясын ұйымдастырушылар Байғали Жуман мен Ақмейрім Азаматқызы бірнеше жыл бұрын қолға алған. Бұған дейін олар төрт жыл бойы «Байspace» жобасы аясында қолөнершілер мен отандық брендтерге арналған жәрмеңкелер ұйымдастырған. ULY DALA FEST өткізу идеясы шамамен үш жыл бұрын пайда болып, соңғы бір жылда жобаға дайындық жүргізілген.
Фестивальде 360° форматындағы сахна орнатылады. Сонымен бірге қолөнершілерге арналған Art City, отандық брендтер қатысатын Nomad Market, гастрономиялық және шығармашылық аймақтар жұмыс істейді.
