«Бернли» тағы да жеңіске жете алмады
Сәтпаев жоқта «Бернлидің» жеңіссіз сериясы жалғасты
150
оқылды

Англия Чемпионшипінің 8-туры аясында «Бернли» «Дерби Каунтимен» 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бернли» кездесуде 93-минутқа дейін есепте алда болғанымен, ойын соңында басымдығын сақтап қала алмады.

Осылайша команда жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне тағы да қол жеткізе алмады. Сегіз турдан кейін «Бернлидің» еншісінде төрт ұпай бар: төрт тең ойын және төрт жеңіліс. Команда турнир кестесінде соңғы орында тұр.

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты соңғы кездесулерге қатысқан жоқ. Оның халықаралық үзілістен кейін алаңға оралуы күтіледі.

«Бернли» келесі кездесуін 10 қазанда сырт алаңда «Уотфордқа» қарсы өткізеді.