Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалияның Калдаш-да-Раинья қаласында өткен WTA 125 турнирінің жұптық сынында жеңіске жетіп, 2480 еуро (шамамен 1,27 миллион теңге) табыс тапты, деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жеңімпаз жұпқа жалпы 4960 еуро берілді. Сыйақы тең бөлінген жағдайда Құламбаева мен оның австралиялық серіктесі Габриэлла Да Силва-Фик әрқайсысы 2480 еуродан алады. Бұл сома салықтар мен басқа да шығындарды есептемегенде көрсетілген. Сонымен қатар әр теннисшіге WTA рейтингінде 125 ұпайдан беріледі.
Финалда Құламбаева мен Да Силва-Фик үндістандық Рутуя Бхосале мен австралиялық Елена Мичичті 3:6, 7:6, 10:7 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 115 мың долларды құрады.
