Өнер иесі бүгінде отбасының берік болуы маңызды мәселе екенін айтты.
«Келінмен қоса, ұлды да тәрбиелеу керек»: Светлана Айтбаева отбасы құндылығы туралы айтты (видео)
Фото: видеодан скрин
194
оқылды

Әнші Светлана Айтбаева отбасы құндылығы туралы сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Өнегелі отбасы" Youtube арнасына берген сұхбатында әнші қайын атасының өсиетін еске алды. Айтуынша, өзі келін болып түскенде қайын атасы ұлын шақырып алып, ақылын айтқан.

«Келінді ғана емес, оны алып келген ұлды да тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Біз үйленген кезде, мен келін болып түскенде, атам, Қанаттың әкесі оны шақырып алып, мені аманаттады. "Сен біреудің баласын алып келдің. Ол бізді, мамаңды, мені, туыстарды танымайды. Ағайын-туыстың біреуін де танымайды. Саған ғана сеніп келіп отыр. Осы сенімді жоғалтып алма" депті. Міне, осы бірақ ауыз сөз айтқан екен. Ертең мен құдаларымның алдында басымды төмен түсіріп отырмайын. Барған кезде басымды тік ұстап отырайын деген екен. Міне, кез келген ата-ана осы сөзді айта білуі керек деп санаймын. Осы сөздің артында бүкіл өмірлік ұстаным жатыр. Ата-ананың келін болып түскенде ең бірінші айтқан сөзі өмір бойы есте қалады екен», - дейді Светлана Айтбаева. 

Өнер иесі  бүгінде отбасының берік болуы маңызды мәселе екенін айтты. Сонымен қатар келінмен қоса, лайықты отағасы бола алатын ұл тәрбиелеу керек екенін атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.