Мемлекет басшысы Сердар Бердімұхамедовке туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
268
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түсіп, мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
 

– Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, – деп жазды Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.