Спортшының айтуынша, алғашқы белдесуінде жарақат алғанына қарамастан, шешуші кезеңге дейін жете алған.
Әділет Алмат: Шешуші белдесуде жарақатым қатты әсер етті
Фото: Нұрғали Жұмағазы
109
оқылды

Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. Ол жарыстың финалына дейін жетті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, алғашқы белдесуінде жарақат алғанына қарамастан, шешуші кезеңге дейін жете алған.

"Қырғызстандық спортшымен өткен алғашқы белдесуде иығымды жарақаттап алдым. Соған қарамастан, финалға дейін жеттім. Осы аралықта ауырсынуға шыдауға тура келді. Бірақ мақсатыма жеттім. Шешуші белдесуде жарақатым қатты әсер етті. Қарсыласымның бір әдісінен кейін иығым қайтадан шығып кетті. Содан кейін белдесуді жалғастыра алмадым. Ауырсынуға енді шыдау мүмкін болмады. Әрине, алтын медаль жеңіп алғым келді. Алда осы мақсатыма жетуге әлі де мүмкіндігім болады деп үміттенемін", – деді Әділет Алмат.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.