Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. 
Кеңейтілген құрамда кездесті
82
оқылды

Сонымен қатар жиынға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша ТМД қызметіне және Ұйымға мүше елдердің өзара ықпалдастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.

Достастыққа мүше елдер басшы­лары­ның шешімі бойынша 2028 жыл Әлеу­меттік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жыл ТМД аясындағы көлік байланы­сы жылы болып жарияланды.