Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлемдік рейтингте 22-орында тұрған және турнирде 19-нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 75-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачпен кездесті.
ҚР Теннис федерациясы мәліметінше, екі сетке созылған матч Бубликтің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп - 6:4, 7:6 (7:4).
Теннисшілер кортта 1 сағат 25 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр 18 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Үшінші айналымда Қазақстанның үздік теннисшісі америкалық Брэндон Накашимамен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
