Мұнайшылар «дағдарысы»
Мұнайшылар «дағдарысы»
288
оқылды
Наурыздың ортасында вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация мұнай өндірісі жүргізіліп жат­қан өңірлерге арнайы барып қайтты. Мақсат – еліміздегі мұ­най өндіруші және мұнай саласындағы қызмет көрсету ком­панияларына қатысты проблемалармен танысып, дағ­дарыс жағдайына қарай шешім қабылдау. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қызылорда облыстарын аралаған үкіметтік делегация мұ­най-газ секторы өкілдерімен кез­десіп, саладағы проблемалық мә­селелерді талқылады.
«Әлемдегі экономикалық жағ­дайды қиындататын ең үлкен мә­селе – мұнай бағасының тө­мен­деуі. Оған қоса, коро­нави­рус індеті экономикаға кері әсерін тигізді. ОПЕК+ мүшелерінің ке­ліс­пеушілігі мұнай бағасының 30% төмендеуіне әкелді. Бола­шақ­та бір баррель үшін 20-40 дол­лар деңгейінде экономикалық да­мудың сценарийі және бюд­жет­тік параметрлердің есебі бар» деп атап өтті Ералы Тоғжанов мұнай­шылармен жүздесуде.
Сонымен қатар Премьер-Ми­­нистрдің орынбасары мұнай-газ секторы өкілдеріне барлық әлеу­­меттік міндеттемелер уақы­тында орын­далатынын, еңбек на­ры­ғын­да жұмыссыздықтың күрт өсуіне жол берілмейтінін ай­тып сендірді. Десе де әлемдік нарықтағы мұ­­най бағасының құлдырауы Қа­зақ­стан экономикасы үшін ай­тар­лықтай әсері болары белгілі. Се­бебі бүгінде еліміздің мұнай са­ласында 2 мыңнан аса ком­па­ния­да 200 мыңдай жұмысшы қыз­­­­мет етеді. Соңғы жылдары са­­­­­ладан түсетін салықтың жыл сайын­­ғы көлемі 500 млрд тең­ге­ден асып отыр. Яғни, аталған са­ланың біздің ел үшін эко­но­ми­ка­лық  тиімділігін шамалай  бе­ріңіз. Сарапшылардың бол­жауын­­­ша, мұнай нарығында жа­қын арада жағдай жақсара қой­май­ды. ОПЕК+ елдері арасын­дағы келі­сім­дердің орындал­мауы­нан нарық­та артық мұнай көп, бұл жағдай бағаны әлі де тұқырта бермек. Үкіметтік делегациямен кез­де­су­де жоғарыда аталған облыс әкім­дерінің әлеуметтік еңбек жағ­дайы туралы есебі тыңдалды. Мұ­най өндіруші өңірлер үшін са­ладағы тұрақтылық, жұмыс орын­дарының қысқармауы бас­ты орында. Бір ғана Маң­ғыс­тау­дағы мұнай өндіруші «Маң­ғыс­таумұнайгаз», «Өзен­мұнай­газ», «Қаражамбасмұнай» және «Бо­защы Оперейтинг ЛТД» ком­панияларында 20 мыңның үстінде жұмысшы еңбек етіп жатыр. Ал олардың отбасындағы жан санын қосқанда, орташа есеппен 80 мың адам сол айлыққа күн кө­ріп отыр деген сөз. Облыс әкімі Се­рікбай Тұрымовтың айтуынша, 9 банкроттық кәсіпорында 127 қыз­­меткерге 75,9 млн теңге жа­ла­қы қарызы жиналып қалған. Олар­­дың қайтарымы банкроттық рә­сімдер аясында жүзеге асы­ры­ла­ды. Жалпы, өңірде екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, 2,5 мың отбасы атаулы әлеуметтік кө­мекті алып отыр. Ал Атырау облысының әкімі Ма­хамбет Досмұхамбетовтің мә­лі­метіне сүйенсек, аймақтағы жұ­мыссыздық деңгейі – 4,8%. Атырау – Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 52%-ын беретіндіктен, облыстағы жұмыспен қамту дең­гейі барынша бақылауда ұстауды қа­жет етеді. Қазіргі таңда «Теңіз­шев­ройл», «НКОК», «Қазмұнай­газ» және өзге де мұнай өндіруші кә­сіпорындар мен мұнай сер­вис­тік компанияларында 95 мыңға жуық адам жұмыс істейді.    width= Президент Қ.Тоқаевтың тап­сыр­масынан кейін мұнайлы өңір­лерді аралап қайтқан үкіметтік де­легация шикізат бағасының ар­зандауы салдарынан қалып­тас­қан проблемаларды азайту үшін бір­қатар шаралар қабылдап жа­тыр. Соның бірі – ренталық са­лық­ты мұнай бағасымен бай­ла­ныс­тыру. Энергетика вице-ми­нистрі Әсет Мағауовтың ОКҚ-да өткен бри­фингтегі сөзіне сүйенсек, рен­­­талық салық мұнай бағасына бе­кітілген. Яғни, мұнайдың 1 бар­релі 60 доллар болғанда ставка экс­порт құнынан 11% болса, енді баға 40 доллардан кем болған жағ­дайда ставка 0%-ды құрайды. Сондай-ақ экспорттық кедендік баж салығы да 1 баррель мұнай 40 доллар болған жағдайда ол 1 тон­наға 40 доллар деп, ал 1 баррелі 35 дол­лар болса, тоннасына 35 дол­лар деп есептелмек.
«Әрине, бағаның күрт тө­мен­деуіне байланысты мұнай на­ры­ғындағы жағдайды тұрақты деп ай­туға болмайды, бірақ біздің мұ­най өндіруші компанияларға қол­дау көрсету үшін бізде барлық құралдар бар. Біз қазіргі жағдайға тұрақты мониторинг жүргіземіз, өн­діру көлемі қысқартылған жоқ жә­не олар бұрынғы режимде жүр­гізілуде», – деді Ә.Мағауов.
Рас, қысқартудың салқыны мұ­най-газ кәсіпорындары мен олар­дың тікелей мердігер ком­панияларына қатты тимегенімен, мұнай сервистік компанияларға әсер етуі әбден мүмкін. Проблема негізінен жобалау жұмыстарының то­лық аяқталуына және ком­па­ния­лардың бюджетінің азаюына қа­тысты. Мәселен, биылғы жазда ТШО-да одан әрі кеңейту жо­ба­ларынан 5 мыңдай адам босап қалуы мүмкін деген дерек бар. Сондықтан жұмыс орындарын ұс­тап қалу үшін әрі әлеуметтік тө­­­лемдердің сақталуы үшін мұ­най­лы өңірлерде қажетті шаралар қа­былдануы керек. Атап айтқан­да, қолданыстағы және жаңа ке­лісімшарттардың құнын қайта қа­рауға жол берілмегені жөн. Мы­салы, 2015 жылы мұнай ба­ға­сы төмендеген кезде операторлар мұ­най бағасын доллармен қа­был­дау кезінде келісімшарттардың құнын орташа алғанда теңгемен 20% төмендетіп, оңтайландыру жұ­мыстарын жүргізді. Мұндай сце­нарий жоғарыдағы сервистік компанияларды банкротқа ұшы­ратары анық. Сондай-ақ инфля­ция­ның өсуін және ұлттық валю­таны түзетуді ескере отырып, қол­­даныстағы шарттық келісім­шарт­тарды индекстеуді қарастыру қажет. Себебі мердігер компа­ния­лар шетелдік жабдықтарды дол­лармен сатып алатыны белгілі. Бұл тұрғыда мұнай-газ кә­сі­п­орындары мен мұнай сервистік ком­паниялары арасындағы ұсы­ны­латын қызметтер мен тауар­лар­ға ақы төлеудің ашықтығы мен орындалуын қадағалап отыру да орынды. Өйткені саладағы сер­вистік компаниялардың кейбірі 2015–2016 жылдары жер қой­науын пайдаланушылардың өз мін­деттемелерін толық орында­мағаннан банкротқа ұшырады. Сонымен бірге жаңа инвес­ти­ция­лық жобаларды, атап айт­қан­да Қарашығанақ кен орнын кеңей­ту жобасын жүзеге асыруды жеделдету қажет, мұнда инвести­ция көлемі шамамен 4 миллиард долларды құрайды. Бұдан бөлек, Қа­зақстанның мұнай сервистік ком­панияларының экспорттық қыз­метіне де қолдау көрсету ке­рек. Мысалы, қазіргі кезде 2 мың­нан аса қазақстандық маман Ре­сейде түрлі жобаға қатысып жа­тыр. Мұндай ауқымды шараларды қа­был­дау мұнай бағасы мен ко­ро­навирус пандемиясынан тұтас эко­номикамызға келетін шы­ғын­дар­дың алдын алуға көмектеседі.  

Бауыржан БАЗАР