57 келідегі Алина Құдайгенова 1/8 финалда Мейра Алвеспен (Бразилия) күш сынасты.
Алина Құдайгенова әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: ҚР ҰОК
67
оқылды

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында сегізінші жарыс күнінде екінші отандасымыз шаршы алаңға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

57 келідегі Алина Құдайгенова 1/8 финалда Мейра Алвеспен (Бразилия) күш сынасып, 5:0 есебімен мерейі үстем болды.

Алғашқы раундтан-ақ жерлесіміз соққы алмасу барысында жылдамдық танытып, әр сәтті өз еншісіне жазып отырды. Нәтижесінде 3 раундта да Алина өзінің мықты екендігін дәлелдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.