Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.
Мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн
128
оқылды

– Қымбатты отандастар! Ұлық мерекеміз – Республика кү­ні бар­шаңызға құтты болсын! Бұл – бү­кіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерек­ше және қастерлі мейрам! 

25 қа­занда ақжолтай құжат – Қазақ­стан­ның Егемендігі туралы дек­ла­ра­ция қабылданды. Дәл сол күні ұлт жылнамасының жаңа кезеңі бас­­талды. Көп ұзамай өз ал­дына дер­бес ел атандық. Тарихи әділдік ор­­нап, қасиетті қазақ же­ріне Тәуел­­сіздіктің алтын қазығы қа­ғыл­ды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәс­түрі қай­­та жаңғырған күн деп айт­сақ, ар­­тық емес.

Биыл біз ұлттық мерекені ел Тәуел­­сіздігінің 35 жылдығы қар­саңында атап өтіп жатырмыз. Қа­­зақ­стан осы мемлекет тарихы­ның мерейлі межесіне қарқынды дамып келе жатқан, әлем қауы­м­дас­тығының құрметіне ие болған ел ретінде жетіп отыр.

Халқымыз егемендік жыл­да­рында көптеген белесті абырой­мен еңсерді. Ұлттық болмысы­мыз­дың мызғымас нышандары – мемле­кет­тік рәміздеріміз бекітілді. Көк Туы­мыз Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның төрінде желбіреді. Ұлттық қар­жы жүйесі құрылды. Мем­ле­кет­тік шекарамыз шегенделді. Қа­­сиетті Сарыарқаның төрінде, бұ­рынғы ескі қаланың орнында бүкіл дүние жүзін таңғалдырған, әлем­ мойындаған жаңа елордамыз – Астананың іргесі қаланды. Біз бір­лігімізді бекемдеп, жер жүзіне бейбітшілік бесігі ретінде таныл­дық, – деді Президент.

БІРТҰТАС ҚОҒАМ ҚАҒИДАТЫ

Мемлекет басшысы осы тұста бір­тұтас қоғам болып Әділетті Қа­зақ­станды құру ісі қолға алын­ға­нын айтты. 

– Әділеттілік қағидаттарын хал­қымыз арасында дәріптеп жа­тыр­мыз. Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға «Әді­лет» атауын бердік. Біз тарихи үр­дістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беруіміз керек. Сон­дық­тан Егемен Қазақстанның негізін қа­лауға, оның өте күрделі эконо­ми­калық жағдайда дамуына, елі­міз­дің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбі­­шұлы Назарбаевтың есімі еш­қашан ұмытылмайды деп ой­лай­мын. Себебі, бұл – әділетке сай ке­летін мәселе.

Қазақта «Ынтымақ – мыз­ғы­мас қорған» деген сөз бар. Біз – бо­­лашаққа үлкен үмітпен, зор се­нім­­мен қарайтын ұлтпыз. Шын мә­нінде, біз татулық пен тұрақ­ты­лық­тың арқасында сан түрлі сы­нақтан сүрінбей өттік. Ел игі­лігін еселеп, өркениетіміздің өрі­сін кеңейттік. Біртұтас ұлт ре­тінде тү­бегейлі өзгерістерді та­бысты жү­зеге асырдық. Ең бас­ты­сы, хал­қымызға айнымас бағ­дар болатын қас­терлі құжат – Конс­титуция­мыз­ды біртұтас ел бо­лып қабыл­дадық.

Тұғырға қонған Конституция көпұлтты жұртымыздың жаңа Жар­­ғысына айналды. Конс­ти­ту­ция­ның әр қағидаты, әр тарма­ғы ел мүддесіне қызмет етуге ба­ғыт­тал­ған. Еліміздің егемендігі, же­ріміз­дің тұтастығы, азамат­тар­дың заң­ды құқықтары мен бос­тан­дықтары Конституциямызға сәй­кес басты құндылықтар деп та­ныл­ды, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президенттің сөзінше, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, жал­пыұлт­­тық бірлікті бекемдеу мыз­ғы­мас қағидат ретінде бекітілді. Бі­лім мен ғылымды, инно­ва­ция­ны, жоғары технологияларды да­мы­ту мемлекеттің стратегиялық мін­­деті деп көрсетілді. Конс­ти­туция­да Қазақстанның өткені мен бүгіні, сондай-ақ бола­шақ­та­ғы бей­несі айқындалды. 

– Ел Конституциясы түбе­гей­лі өзгерістердің жаңа кезеңіне жол ашты. Соның нәтижесінде мем­­лекеттік билік жүйесі то­лы­ғы­мен жаңғырды. Бір палаталы Құ­рылтай пайда болды. Осы­лай­ша, біз «Күшті Президент – ық­пал­ды Парламент, яғни Құрыл­тай – есеп беретін Үкімет» тұ­жырымдамасын нақты іске асырдық. Вице-Пре­зи­дент институты құрылды. Қауіп­сіздік Кеңесінің құрылы­мы­на қажетті өзгерістер енгізілді. Елі­міздің жоғары консультативтік ме­кемесі – Қазақстан Халық Кеңе­сі өз жұмысын бастады.

Еліміз дүние жүзінде ерік­ті­лер, яғни волонтерлер қозға­лысы­на конституциялық мәр­тебе бер­ген санаулы мемлекеттің бірі атан­ды. Баршаңызға белгілі, қа­зір­гі дүние жүзінде, осындай күр­делі, тұрақсыз, болжамсыз, бұ­лың­ғыр заманда билік жүйе­сінде мұн­дай ауқымды өзгеріс мүлде жоқ. Бұл – мемлекетіміз үшін ал­ға қарай үлкен саяси қадам, – де­ді Мемлекет бас­шы­сы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қо­ғам­­ның барлық саласын қамты­ған реформалар еліміздің да­муы­­­на тың серпін бергеніне на­зар ау­­­­­дарды. 

– 2019 жылдан бері эконо­ми­­ка­мыз 30 пайызға жуық өсті. Жан ба­сына шаққанда жал­пы  ішкі өнім көлемі 15 мың дол­лар­дан ас­ты. «Ұлттық қор – бала­лар­ға» жо­басы аясында 7 мил­лион бала­ның есепшотына 2,5 мил­лиард дол­лар қаржы ауда­рыл­ды. Был­тыр 20 миллионнан ас­там шаршы метр тұрғын үй са­лынды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсет­кіш. Азамат­тар­дың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақын­да­ды. Дүние­жүзі­лік банктің мә­ліметіне сәй­кес, Қазақстан бұл көр­сеткіш бойынша біздің ай­мақ­та көш бас­тап тұр.

Біз ұлттық экономиканың әлеуетін күшейтуге басымдық бе­­ріп, баса назар аударып отыр­мыз. Әлемдегі ең ықпалды ел­дер­­дің қатарына қосылып, 34-орын­­да тұрмыз. Еліміздің жал­пы ішкі өнім көлемі 350 мил­лиард дол­лар­ға жетіп келе жа­тыр. Бұл – Тәуел­сіз Мемле­кет­тер Достас­ты­ғы шеңберіндегі екінші орын де­ген сөз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізде ша­­ғын және орта бизнестің жал­пы ішкі өнімдегі үлесі айтар­лық­­тай артып, 40 пайызға жет­кенін мәлімдеді. 

– Кәсіпкерлеріміз отандық тауар өндірісін ұлғайтып, жаңа іс­­керлік мәдениеті қалыптасуда. Бү­­гінде осы салада еліміздегі ең­­бек­­ке жарамды азаматтардың жар­­тысына жуығы жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ біз озық техно­ло­­гияға негізделген өндірісті да­мы­туға жол аштық. Соңғы бес жыл­дың ішінде өңдеу өнеркә­сі­біндегі экспорт көлемі 45 пайыз­дан асты. Осылайша, Қазақстан ин­дустриясы дамудың жаңа са­па­лық деңгейіне көтеріліп жа­тыр.

Кейінгі жылдары теміржол са­ласын дамытуда соны серпіліс жа­садық. Рельстер мен шпал­дар­дан бастап вагондар мен элек­­тро­воздарға дейінгі қажет­тінің бәрін өзі­міз өндіре баста­дық. Автокөлік шы­ғару ісі де қар­қын алды. Жыл сайын кон­вейерден 150 мыңнан аса жеңіл және жүк көлігі шы­ға­ды. Эконо­микадағы барлық стра­те­гиялық салаға қан жүгірді деп ай­туға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент еліміздің өркен­деуіне ауқымды шетелдік инвес­тиция септігін тигізіп отырға­нын айтты. 

– Соңғы жеті жылдың ішін­де тар­тылған қаражат көлемі 155 мил­­лиард долларға жетті. Түрлі ел­­дерге барып, жоғары дең­гей­дегі ха­лықаралық іс-шараларға қа­­тысу Қазақстанның саяси беделін ны­ғайтып қана қоймай, зор пай­дасын да тигізуде.

Жыл басынан бері жалпы со­­масы 60 миллиард доллар бол­а­тын 355 коммерциялық келі­сім­ге қол қойылды. Осының өзі көп нәр­сені аңғартады. Еліміз Еу­р­а­зияның жетекші көлік-ло­гис­тика ха­бы ретінде позиция­сын ны­ғай­та түсті. Әуежайлар, вок­залдар, кө­пірлер, теңіз айлақ­тары салы­нып, жөндеуден өтті. Шекара маңын­дағы инфрақұры­лым жаң­ғыртылуда. Бұл маңызды жұмыс ары қарай жалғасады.

Жеті жыл ішінде он мыңдаған шақырым автокөлік жолы мен те­міржолдар салынып, жөнделді. Еуропа мен Азияның арасын жал­ғап тұрған көлік, энергетика жә­не цифрлық тораптар Қазақ­стан арқылы өтіп жатыр. Қазақ­стан орта держава ретінде әлемдік тәр­тіптің нығаюына елеулі қосып ке­ле жатқан, дамыған, тұрақты әрі зайырлы мемлекет болып та­нылды, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ МӘРТЕБЕ

Қасым-Жомарт Тоқаев сын­дар­­лы және жауапты сыртқы сая­саттың арқасында еліміздің әлем­­дік абырой-беделі артып жат­­­қанын жеткізді. 

– Қазақстан төлқұжатының мәр­тебесі жоғары. Еліміздің аза­маттары мен бизнес өкілдері үшін бар­лық елдің есігі ашық. Со­ны­мен қатар Қазақстан дүние жүзін­де болып жатқан түбегейлі цифр­лық өзгерістерге белсене қаты­су­да. Елордамызда Alem.ai халық­ара­лық жасанды интеллект орта­лы­­ғы мен заманауи Astana Hub тех­­­нопаркі жұмыс істейді. ІТ қыз­­м­еттердің экспорты 1 мил­лиард доллардан асты.

Екі суперкомпьютер іске қо­сылды. Оның игілігін отандық ком­паниялар мен ғалымдар көріп жа­­тыр. Жақында аса қуатты тағы бір суперкомпьютер пайдалануға беріледі. Жаңадан салынып жат­қан дата орталықтар кластері – Деректерді өңдеу орталығының алқабы цифрлық экономиканың берік негізін қалайды. Біз Digital Qazaqstan жалпыұлттық стра­те­гия­сын жүзеге асыруды қолға ал­­­дық, жасанды интеллект техно­логиясы қоғамның барлық са­ла­сы­на енгізіледі. Мұның бәрі – циф­р­лық, басқаша айтқанда, хал­­қымыздың игілігіне қызмет ете­­тін өркендеген мемлекет құру­ға бағытталған қадам, – деді Президент.

Мемлекет басшысының ай­туын­ша, соңғы жеті жылда әлеу­мет­тік саланы дамытуға 88 трил­лион теңге қаржы бөлінді. Мұны халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін салынған инвестиция деп қабылдаған жөн. 

– Қазір барлық аймақта, әсі­ре­се ауылдық жерлер мен шал­ғай ел­ді мекендерде медициналық қыз­­­меттің сапасы артып келе жа­тыр. 2019 жылдан бері еліміз бойын­­­ша 1 259 денсаулық сақтау ме­кемесі салынды. Конс­ти­туция­мызда ақысыз медициналық кө­мек­тің кепілді көлемі туралы ай­­қын жазылды. Еліміздің аза­мат­тары медициналық қызметтің 1 мыңнан астам түрін ақысыз алу­­ға құқылы. Бұл, түптеп кел­ген­­­де, бірегей әлеуметтік көмек де­­сек, артық болмас.

Сонымен қатар еліміздің әр­бір мектебінде барлық бастауыш сы­нып оқушылары және әлеу­мет­­тік жағынан осал топтағы ба­­ла­­лар, яғни бір миллион жеті жүз мыңнан астам оқушы ақысыз ыс­тық тамақ алуда. Елімізде неше түр­лі әлеуметтік жеңілдіктер бар, тіп­ті олардың кейбірі жымқыру не­гізінде беріліп жатыр. Сондық­тан қазір Үкімет бұл мәселені жан-жақты зерттеп, осы жұмыс­пен айналысуда, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, тағы бір маңызды міндет – білім беру са­ласын жан-жақты дамыту. Бұл, ең алдымен, жас ұрпақтың жар­қын болашағы үшін қажет. 

– Осы уақыт аралығында елі­міз бойынша 1 483 балабақша ашыл­ды. 1 342 заманауи мектеп бой көтерді. Кейінгі жеті жыл ішін­де жастардың жоғары білім алуы үшін жалпы құны 1,5 трил­лион теңге болатын 655 мыңнан астам оқу гранты бөлінді. Бұл шаралар жас буынның қалаған кә­сіпті меңгеруіне, қабілетін ұш­тауына мүмкіндік береді.

«Егемен елдің еңсесі – биік» де­ген сөз бар. Біз қасиетті Тәуел­сіз­дігіміздің арқасында түрлі са­ла­да толайым табысқа жетіп ке­леміз. Сондықтан бейбіт күннің қадірін біліп, мемлекеттігімізді күшейте түсу үшін табанды еңбек етуіміз керек.

Мен бүгін еліміздің бірқатар же­тістігіне тоқталып өттім. Бірақ қа­зіргідей құбылмалы әрі бәсе­ке­ге толы заманда бейжай, бейқам оты­руға мүлдем болмайды. Әлі көп жұмыс істеуіміз қажет, кем­ші­ліктер мен олқылықтар бар еке­нін мойындаймыз, оларды жою және түзету үшін Үкімет пен де­путаттар және барлық мемле­кет­тік қызметшілер күш салуы ке­рек, – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мем­ле­кетіміздің алдында тұрған нақ­ты міндеттер мен жоспарлар жө­­нінде келесі аптада Қазақстан хал­қына Жолдауында толығырақ айтатынын жеткізді. 

– Өздеріңіз білесіздер, қазір әлем аса жоғары қарқынмен өз­геру­де. Өркениет көшінен қалып қой­мау үшін заман талабына сай әрекет ету ұдайы маңызды. Адам ка­питалын дамыту – еліміздің конс­титуциялық міндеті. Біз са­налы, жауапкершілігі мол, ойы ұш­қыр, бәсекеге қабілетті, отан­шыл және адал азаматтарды тәр­биелеуіміз керек. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуінің кепілі. Отан­шыл­дық, еңбекқорлық, жасам­паз­дық, өзара сыйластық, жана­шыр­лық құндылықтарын кең ау­қым­да дәріптеп, қоғамымызда жаңарған этика қалыптастыруы­мыз қажет.

Халықаралық ахуалды, соның ішін­де дамыған елдерде болып жат­қан соңғы оқиғаларды көріп-бі­ліп отырсыздар. Расында, Заң мен Тәртіп сақталмаса, татулық пен ынтымақ болмаса, ешқандай даму, қысқасы, төрт құбыламыз тү­гел болмайтыны айдан анық. Біз ауызбіршілігімізді сақтап, ор­тақ мүдде жолында біртұтас қоғам бо­лып еңбек етсек, кез келген бе­лесті бағындырамыз, барлық мақ­сат-мұратымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Респуб­ли­ка күні күллі халқымыздың ба­сын қосатын, жалпыұлттық си­паты бар бірегей мереке екенін баян­дады. 

– Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз! Сондықтан мем­лекеттігімізді күшейтіп, елі­міз­дің іргесін бекіте түсу – бар­ша­мыздың қасиетті борышымыз. Біз егемендікке ата-бабалары­мыз­дың бойындағы мықты ерік-жі­гер мен өшпес рухтың арқа­сын­да қол жеткіздік. Халқымыз Тәуелсіздік жолында құрбан бол­ған ерлердің, бостандық үшін жан­­қиярлықпен күрескен тұл­ғалардың есімін әрқашан жа­дын­да сақтайды. Аға буын тар жол, тай­ғақ кешуден өтсе де, барлық сын-қатерді еңсе­ріп, ел үшін қа­жыр­лы қызмет етті. Халқымыз, әсі­­­ресе жастарымыз төл шежі­ре­міз­ді терең танып, оған құрметпен қа­рай бастады. Бұл – өте жақсы үрдіс.

Шын мәнінде, тарихқа тек бір­жақты көзқараспен қарауға бол­майды. Біздің тарихымыз – ұлы жеңістердің, мәңгілік мұра­лар мен теңдессіз дәстүрлердің ше­жіресі. Біздің тарихи дерек­тер­ге толы даңқты жолымызды жі­гер­лі, табанды, жасампаз тұлғалар жаз­ды. Олардың өмірі мен ұста­ны­мы – жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Түп­теп келгенде, елдігіміздің тұғы­рын мемлекетшіл, отаншыл, па­­расатты, адал, еңбекқор адам­дар нығайтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ МАРАПАТ

Бұл тұста Президент бірқатар аза­маттардың бойында осы құн­ды қасиеттердің бар екенін айтты. 

– Солардың бірі «Еңбек Даң­қы» наградасының толық ка­ва­лері – Әбдірашит Қойшыбекұлы Дос­панов. Ол әке ізін басып, 40 жыл­дан астам уақыт металлургия с­аласында абыройлы жұмыс істеп келе жатыр. Кәсіби шеберлігі мен еңбекке адалдығының арқасында зор табысқа жетіп, елімізді өркен­де­туге мол үлес қосып жүр. Бүгін­де жас мамандарға бағыт-бағдар бе­ріп, оларға өмірлік кәсібінің қыр-сырын үйретуде. Мен бүгін Әбдірашит Қойшыбекұлы Дос­пановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылдадым.

Осы мерекелік жиынға төл мә­дениетіміздің көрнекті өкілі, бел­гілі сазгер, ұстаз Алтынбек Қо­раз­баев қатысып отыр. Оның әндері бірнеше буынның жүре­гіне жол тауып, қазақ өнерінің ал­тын қорына қосылды. Мен бү­гін Алтынбек Қоразбаевқа ең жо­ғары марапат – «Отан» орденін табыстаймын.

Қазір арамызда даңқты аль­пи­нист Қазбек Уәлиев отыр. Ол дүние жүзінің ең биік шыңдарын бағындырып, әлемдік альпи­низм­­­нің аңызына айналды. Мен Қаз­бек Шәкімұлының ерен ең­бегін ескере отырып, оны ІІ дәре­желі «Барыс» орденімен марапат­тауды ұйғардым, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жо­ға­ры педагогикалық шеберлі­гі­мен, кәсібилігімен және сүйікті ісіне адал­дығымен көрінген Наталья Сафиулинаны ерекше атады. Жаңа­­шыл ұстаз ерекше балалар­ды оқытуда озық тәсілдер енгізіп отыр. 

– Мемлекет шын мәнінде инк­­люзивті қоғам қалыптастыру­ға үлес қосып жүрген осындай педагогтерді әрдайым қолдайды. Білім беру саласын дамытуға қос­қан елеулі үлесі үшін Наталья  Вик­­торовна Сафиулинаға «Қа­зақ­­станның еңбек сіңірген ұста­зы» атағы беріледі.

Сондай-ақ руханиятымыздың өрі­сін кеңейтуге зор үлес қосып жүрген өнерпаз, танымал опера ән­шісі Талғат Маратұлы Мұса­баев­­қа «Қазақстанның халық әр­тісі» атағы беріледі.

Өнер қайраткерлерімен қа­тар, мәдениет саласын зерттеген ға­лымдардың да еңбегі зор құр­метке лайық. Осы орайда, музей ісін дамытуға және тарихи-мә­дени мұрамызды сақтауға белсене атсалысып жүрген белгілі өлке­танушы Бауыржан Өзбекәліұлы Жәнібековке «Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері» атағы беріледі. Сонымен қатар ұлағатты ұстаз, өнертанушы ғалым Эль­мира Сәкенқызы Сұлтанғалиеваға «Құрмет» ордені табысталады, – деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы жұмыс­шы мамандық иелері еліміздің өр­кендеуіне белсене атсалысып ке­ле жатқанын сөз етті. 

– Қазір осы жерде адал еңбе­гі­мен зор табысқа жеткен нағыз ең­бек адамдары отыр. Бұл орайда «Астана-Көгалдандыру құры­лы­сы» мекемесінің қызметкері Ди­дар Телжанұлын ерекше атап өту­ге болады. Осы саладағы игі іс­тер мен Президент ретінде ұсын­ған «Таза Қазақстан» тұжы­рым­дамасымен тығыз байланыс­ты. Бұл бүкіл елімізге өте қажетті жұмыс деп айтсақ, қате болмайды. Өйткені көшелеріміз таза болма­са, әрбір жерде ағаш пен гүлдер көп егілмесе, азаматтарымыз та­биғатқа қамқор болмаса, еліміз де жасампаз болмайды. Бұл – анық нәрсе­. Бұл – Үкімет болсын, Құ­рыл­тай болсын, құқық қорғау ме­кемелері болсын, жергілікті би­лік өкілдері мен басқа да мем­лекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, барлық жоғары оқу орындарының, мектептердің ортақ парызы. Басқа сөзбен айт­қанда, бұл – жалпыұлттық қоз­ға­лыс. Бүгін елордамызды көркей­туге елеулі үлес қосқан білікті ма­манға «Құрмет» ордені бері­ле­ді. Ал «Астана орманы» ұйымында табысты жұмыс істеп жүрген Аман­жол Төкенұлы Үйсінбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен ма­ра­патталады.

Осы айтулы күнде біз Солтүс­тік Қазақстан облысының Шал ақы­н ауданынан келген механиза­тор Сергей Николаевич Пустыль­ни­ковке лайықты құрмет көрсе­те­міз. Ол отыз жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында жемісті жұмыс істеп, жиған тәжірибесін жас буынға үйретіп келеді. Адал еңбегі мен толайым табысы үшін Сергей Николаевич Пустыль­ни­ков ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент еліміздің ұлт сау­лығын нығайту және зияткер ұр­пақ тәрбиелеу ісіне баса мән бе­ріп отырғанын айтты. Ұстаздар мен дәрігерлер қауымына жан-жақ­ты қолдау көрсету және олар­дың ең­бе­гіне зор құрметпен қарау – маңызды міндет. 

– Бүгін аға мейірбике Анар Рах­манбекқызы Әбдіқұловаға жә­не ұлағатты ұстаз Сәлима Иб­раиым­қызы Жұмамұратоваға «Ша­пағат» медалі табысталады.

Қоғамдық келісім – егеменді­гі­міздің мызғымас кепілі. Бүгін ырысты ынтымағымызды нығай­ту жолында жемісті еңбек етіп жүр­ген бір топ азаматқа «Ел бір­лігі» ордені табысталады. Соны­мен бірге бүгін мемлекетімізді көр­кейтуге белсене атсалысқан, адал еңбегімен көпке үлгі болған 2 мыңнан астам азамат мара­пат­талады. Соның ішінде 270-ке жуық білім-ғылым, денсаулық сақ­тау саласының қызметкеріне, 473 жұмысшы мамандығы өкіл­деріне және 129 еңбек ардагеріне, сондай-ақ 200-ден астам шағын және орта бизнес өкіліне мем­ле­кеттік награда тапсырыла­ды. Бәріңіз­ге құтты болсын!

Еліміздің абыройын асырып жүр­ген еңбек адамдарына құрмет көр­сету – мемлекеттік саясаты­мыз­дың өзегі. Мен Республика күні қарсаңында сіздерге және бар­ша отандастарымызға шы­найы ризашылығымды білдіре­мін. Мемлекеттігіміздің мызғы­мас тұғыры мәңгі болсын! Қас­тер­лі Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркендей берсін, – деп түйін­деді сөзін Мемлекет бас­шы­сы.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ