Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады.
Технологиялық ынтымақтастық нығая бермек
99
оқылды

Ақордада өткен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы са­па­ры­ның екіжақты ынтымақ­тас­тықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасан­ды интеллект экожүйесін да­мы­туға қосқан үлесіне ризашылық білдірді.

– NVIDIA компаниясымен ық­палдастыққа соны серпін беру ­тұрғысынан сапарыңыздың мә­ні зор. Серіктестігімізді ны­ғайту жолындағы және Қа­зақ­стан­ның игілігі үшін атқарып жат­қан еңбегіңізге алғыс айт­қым келеді, – деді Мемлекет бас­шысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифр­ландыру мен жасанды ин­тел­лектіні дамытуды ұлттық ба­­­сымдық ретінде атады, сон­дай-ақ биыл елімізде Цифр­лан­дыру және жасанды интеллект жы­лы жарияланғанын еске сал­ды.

Мемлекет басшысы NVIDIA мен Higgsfield компаниялары ара­сындағы әріптестікті қуат­тайды. Оның айтуынша, хал­қы­мыз аталған компанияның отан­дық технологиялық жоба­ларға атсалысқанын құп көреді.

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіп­тік революцияның бастапқы ке­зеңінде Қазақстанды жасан­ды интеллект елі ретінде өр­кен­дету жөніндегі стратегиялық мақ­сатын жоғары бағалады.

Бұл бастама жасанды ин­тел­лектіні дамытуға және оны кеңі­нен енгізуге бағытталған. Бұ­дан бөлек, компания басш­ы­сы Қазақстанды Physical AI әлем­­­дік хабына айналдыруды ұсын­ды.

– Жасанды интеллектіні да­мыту үшін, ең алдымен, мол қуат көзі, сондай-ақ ғылым, ма­тема­тика мен технология са­ла­ла­рын­да білім-білігі жоғары ма­­­мандар ке­рек. Осы бағыттар­дың әрқай­сысын дамытуға Қа­зақстанның әлеуеті жеткілікті, – деді Джен­сен Хуанг.

Сондай-ақ ол NVIDIA ком­паниясының елімізбен ықпал­дастығы аясында кейінгі жыл­дары елеулі табысқа қол жет­кі­зіл­геніне, технологиялық ком­па­ния­лармен байланыстар ны­ғая түскеніне назар аударды.