Республика күні қарсаңында Қарағанды облысының Қар­қара­лы қаласында жеті отбасы қоныстойын тойлады. Олар апат­ты деп танылған үйлерінің орнына жаңа пәтерге ие болды.
Жеті отбасы үйлі болды
74
оқылды

Тұрғындар жаңадан салынған үйлерден пәтерді өздері таңдаған. Кейін әкімдік оларды сатып алып, баспанаға мұқтаж отбасыларға берген. Жаңа пәтерлердің кілтін Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин табыстады.

– Былтырдан бері ауданымызда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арнап 76 пәтер салынды. Биылдың өзінде 26 отбасын баспанамен қамтыдық. Бүгін үйлері апатты деп танылған тағы жеті отбасыға пәтер кілтін табыстап отырмыз. Тұрғындардың баспана мәселесін шешуге Отбасы банкпен жүргізілген келіссөздер мен арнайы комиссияның шешімі мүмкіндік берді, – деді ол.

Жаңа пәтер иелерінің бірі Қанат Мұсатаев отбасының баспананы ұзақ күткенін айтты.

– Біз тұрғын үй кезегінде көп жылдан бері тұрдық. Үйіміз ескі әрі апатты жағдайда еді. Аудан басшылығы жағдайымызды ескеріп, бүгін жаңа пәтердің кілтін алдық. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш әрі Республика күніне орай жасалған тамаша сый. Көрсетілген қолдау үшін шын жүректен алғыс айтамыз, – деді Қанат Мұсатаев.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы