Ақтөбелік азамат TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып қана қоймай, әдепсіз ишаралар көрсеткен. Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, ол - 42 жастағы Абдулла Қоңырбаев болып шықты.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желі — бұл қоғамдық кеңістік. Сондықтан тікелей эфир заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.
