Абай облысының орталығы, Семей қаласында жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқанда төбе жабындысы опырылып түсті. Салдарынан бір ер адам үйінді астында қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 26 қазандағы мәліметінше, оқиға бір күн бұрын болған. Семей қаласындағы 112 қызметіне жеке тұрғын үйде құрылыс-жөндеу жұмысы кезінде төбе жабындысының опырылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына құтқарушылар жедел барып, зардап шеккен ер адамды құлаған құрылыс конструкцияларының астынан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Ведомство өкілдері тұрғындарға құрылыс және жөндеу жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
