Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Қар жауып, көктайғақ болады: 27 қазанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
186
оқылды

Қазгидромет 27 қазанға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, сейсенбі күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің солтүстік, орталық өңірлерінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауып, солтүстікте көктайғақ болады.

Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде ауа температурасы -2…-11°C-қа дейін төмендеп, үсік жүреді. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі бар. Ал Қызылорда мен Атырау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.