Астанадағы тұрғын үй кешенінде автотұрақта өрт шығып, салдарынан үй кешенін түтін басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға Астана қаласының Есіл ауданы Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің біріндегі тұрағында болған. Автотұрақтағы электр сымдары мен көлік шиналары өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Өртті сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимараттан 32 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында адамдар қауіпті аймақтан шығарылды. Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің салдарынан төрт көлікке зақым келген. Зардап шеккендер жоқ.
