Қазақстанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген тексерістерден кейін бірден жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ведомство компанияларда заңнама жүйелі түрде бұзылғанын, бұл қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығы бұзғанын жария етті. Нақты, лицензиясынан айырылған қаржы ұйымдары мыналар:
- "MaxMoney МҚҰ" ЖШС;
- "Microfinance Systems МҚҰ" ЖШС;
- "SurfKaz Finance МҚҰ" ЖШС;
- "MFO№1 МҚҰ" ЖШС;
- "Умит Финанс МҚҰ" ЖШС;
- "Вивус МҚҰ" ЖШС;
- "EL QAZYNA МҚҰ" ЖШС.
Олардың лицензиядан айыру туралы шешімі 23 қазанда қабылданды.
Агенттік микроқаржы ұйымдарының қызметін қадағалауды жалғастырып, қарыз алушылардың құқығының сақталуына және заңбұзушылықтарды анықтауын назарда ұстайтынын жеткізді.
Соған қарамастан клиенттердің міндеттемелері сақталады. Өтелмеген микрокредиттері бар қарыз алушылар жасалған шарттардың талаптарын орындауға тиіс және міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Лицензиядан айырылғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде ұйым өз атауынан микроқаржылық қызметті көрсететін сөздер мен белгілерді алып тастап, қайта тіркеуден өтуі немесе қайта ұйымдастыру не жою туралы шешім қабылдауы керек.
