Әнші Төреғали Төреәлі қызын емдеп жүрген дәрігерге қаржылай сый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода өнер иесі емдеу орталығына арнайы барып, ән салып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлағанын көруге болады. Сонымен қатар қызын емдеп жүрген дәрігерге ризашылығын білдіріп, 1 миллион теңге сыйлаған.
Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Оқырмандар балалардың тезірек сауығып кетуін тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
