Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
50 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз жартылай финалда Үндістан өкілі Ниламмен кездесті.
ҚР ҰОК мәліметінше, белдесу 7:3 есебімен үндістандық спортшының пайдасына аяқталды. Енді Зейнеп Баянова әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
