Вице-Президент Ерлан Қарин Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетек­ші­лері­мен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа Жолдауында айқындалған стратегиялық ба­сымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қам­та­масыз етуге қатысты алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.
Фракция жетекшілерімен талқылау өткізді
129
оқылды

Ерлан Қарин Президент сөйлеген сөзінде келер ұрпақ­тың мүддесі үшін жүзеге асы­ры­латын жүйелі өзгерістерге баса назар аударғанын атап өт­ті. «Халықтық құрылыс» мін­дет­тері халықтық цифрлық эко­номиканы дамытумен ты­ғыз сабақтастырылып, Жол­дау­дың өн бойынан көрініс тап­ты. Мемлекет күш-жігерін бү­кіл аза­маттық инфра­құры­лымды жаңғыртудың іргелі мә­селе­леріне шоғырландырып отыр.

Вице-Президенттің ай­туын­ша, мемлекет қордаланған жүйелі проблемаларды біртін­деп шешіп, болашақтағы да­му­дың берік негізін қалауда.

– Президент Жолдауда стра­тегиялық маңызы бар жаңа бас­тамаларды көтерді. Олар Қ­ұрылтай тарапынан сапалы заң­намалық қамтамасыз етуді талап етеді. Осы бағытта партия фракцияларымен бірлесіп, тиім­ді жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Ерлан Қарин.

Партия фракцияларының жетекшілері Жолдауда көтеріл­ген бастамаларды қолдап, ашық әрі сындарлы ынтымақ­тас­тыққа және бірлескен жұ­мыс­­қа дайын екенін мәлімдеді.

Кездесуге «Әділет» партия­сы фракциясының жетекшісі Ер­бол Адаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Қай­рат Айтуғанов, Respublica пар­тия­сы фракциясының же­текшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракция­сы­ның жетекшісі Дания Ес­паева, Жалпыұлттық социал-де­мократиялық партия фрак­ция­­сының жетекшісі Асхат Ра­хымжанов, сондай-ақ Пре­зи­денттің Құрылтайдағы Өкіл­ді­гінің басшысы Мұрат Қайыр­бек қатысты.