Вице-Президент Ерлан Қарин БҰҰ Бас хатшысының балалар мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Наджат Маалла Мджидпен кездесті.
Арнайы өкілмен кездесті
127
оқылды

Кездесуде балалардың құ­қық­тарын қорғау, оларға қа­тыс­ты зорлық-зомбылықтың ал­дын алу, өскелең ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету мә­­селелері бағытындағы ын­ты­мақтастықты дамыту жайы талқыланды.

Ерлан Қарин балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қам­тамасыз ету Мемлекет бас­шы­сының стратегиялық бағ­да­ры­ның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Вице-Президент балалар­дың құқықтарын қорғау және олардың жан-жақты дамуына жағ­дай жасау мақсатында қа­был­данған заңнамалық және әлеу­меттік шаралар туралы мә­лімет берді.

Кейінгі 3 жылда Қазақстан­да балалардың құқықтары мен мүд­делерін қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған 11 заң қабылданды. Со­нымен қатар Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бойын­ша ерекше қажеттіліктері бар ба­лаларды кешенді қолдау жә­­не ақпараттық-цифрлық қауіп­­сіздікті қамтамасыз ету жө­ніндегі жаңадан 2 заң жоба­сы әзірленді.

Президент тапсырмасы бойын­ша 2026-2030 жылдарға ар­налған «Қазақстан балалары» тұ­жырымдамасы әзірленіп, іс­ке асырылуда.

2024 жылмен салыс­тыр­ған­да балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45%-ға, ал олар­ды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу қылмыста­ры­ның саны 10%-ға азайғанына на­зар аударылды. Сонымен қа­тар кәмелетке толмағандар тара­пынан жасалатын қыл­мыс­­тар да 10%-ға азайған. Ви­це-Пре­зидент балалардың құ­қы­ғын қорғау, қауіпсіздігін ны­ғай­ту бағытындағы жүйелі жұ­мыс­­тар жалғаса беретінін айт­ты.

Бұдан бөлек, Ерлан Қарин Президенттің «Ұлттық қор – ба­лаларға» бағдарламасының жү­зеге асырылу барысына тоқ­тал­ды. Бағдарлама аясында соң­ғы 3 жылда 7 миллионнан ас­там балаға 2,5 млрд доллардан ас­там қаражат аударылды.

Сондай-ақ Вице-Прези­дент Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рефор­ма­лары­ның стратегиялық бағытын іс­ке асыру мәселелеріне тоқ­тал­­­ды. Осы ретте жаңа Конс­ти­­туцияның отбасы мен бала­лық шақты қорғаудағы, адами капиталды дамытудағы маңы­зы­на назар аударылды. Өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі конс­ти­ту­ция­лық құндылықтардың рө­лі­не ерекше мән берілді.

Наджат Маалла Мджид Қа­зақ­станда балаларды қорғау жүйе­сін нығайтуға бағытталған реформаларға жоғары баға бер­ді.

Сонымен қатар басқосуға БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұ­рақ­ты үйлестірушісі Саранго Рад­нарагча және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Рашед Мұс­тафа Сарвар да қатысты.