Басты міндет – “Заң мен тәртіп” қағидатын нақты істер арқылы жүзеге асыру.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жолдауды іске асыру үшін нақты жоспарын жариялады
170
оқылды

Ішкі істер министрлігінде жедел кеңес өтіп, онда министр Ержан Сәденов Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында полиция қызметінің негізгі бағыттарын белгіледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция – мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды күш. Полиция қызметкерлері еліміздің барлық өңірінде – ірі қалалардан бастап ең шалғай ауылдарға дейін қызмет атқарады. Азаматтар дәл осы тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы арқылы мемлекеттік шешімдердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын, әділдік пен заңдылықтың, адам құқықтарының қалай қорғалатынын көреді.

Заңға құрметпен қарауды бала кезден қалыптастыру. Білім беру органдарымен бірлесіп, “Жас сақшы” сыныптарының желісін кеңейту, мектептердегі тәлімгерлік жүйесін дамыту, буллинг пен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту.

Қоғаммен тығыз байланыс орнату. Құқықбұзушылықтарға төзбеушілік танытатын белсенді азаматтық ұстанымды қолдау, қоғамдық бастамаларды дамыту, профилактикалық жұмыстарға еріктілер мен қоғамдық көмекшілерді тарту.

“Таза Қазақстан”. Вандализм мен бұзақылыққа қарсы іс-қимыл жүргізу, қоршаған ортаға және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Қауіпсіздік және заманауи технологиялар. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, полиция қызметін цифрландыру және киберқылмысқа қарсы күресті күшейту.

Басты міндет – “Заң мен тәртіп” қағидатын нақты істер арқылы жүзеге асыру. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңға деген құрметті қалыптастыру және қоғамның полицияға деген сенімін нығайту.