Олар бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
"Тікелей эфирде көрсеткен": жол ережесін бұзған шымкенттік екі жігіт қамалды
фото: www.istockphoto.com
187
оқылды

 18 жастағы екі бозбала жол ережесін бұзғанын тікелей эфирде көрсеткен. Олардың әлеуметтік желідегі әрекеті полиция назарынан тыс қалмады,  –  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы тікелей эфир барысында жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Сондай-ақ олар бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Шымкент қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер автокөлікті жедел анықтап, құқық бұзушылықтың жолын кесті.

-Көлік жүргізушісі – 18 жастағы қала тұрғыны Абылайхан Баймағамбетов маневр жасау және көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды. Ал жолаушы – 18 жастағы Санжар Алтынбекке қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталды. Сот шешімімен Абылайхан Баймағамбетов 10 тәулікке, ал Санжар Алтынбек 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - делінген қалалақы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция кез келген заңсыз әрекет назардан тыс қалмайтынын, сондай-ақ әрбір құқық бұзушылыққа тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.