Ол есірткіні жеке пайдалану үшін сатып алған екен.
"Ыдысқа салып, пакетпен ораған": Алматыда көлігінен есірткі табылған жүргізуші ұсталды
фото: www.istockphoto.com
139
оқылды

Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған ер адам ұсталды. Полицейлер оның көлігінің салонынан өсімдік тектес зат салынған ондаған ыдыс пен пакет тапты,  –  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиғаның мән-жайын  Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Абай даңғылы мен Радостовец көшесінің қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде  өсімдік тектес зат салынған түйіншектер табылды. Көлік салонында есірткі зат салынған 23 пластик ыдыс пен жеті полиэтилен пакет болған. Медициналық куәландыру ер адамның есірткіге мас күйде болғанын растады", – делінген полиция хабарламасында.

Ер адамның айтуынша, ол анаша тұтынады және табылған заттарды жеке пайдалану үшін сатып алған.

Сот-химиялық сараптама тағайындалып, күдікті қамауға алынды.