Қазақстандық теннисші 2026 жылғы 30 қазанда әлемдік рейтингте 23-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесуі керек еді.
Елена Рыбакина жарақатына байланысты Токиодағы турнирден шығып қалды
124
оқылды

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалындағы кездесуіне қатыспады. Теннисші жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты, –  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл ақпаратты WTA ұйымы да әлеуметтік желідегі парақшаларында ресми түрде растады. Қазақстандық теннисші 2026 жылғы 30 қазанда әлемдік рейтингте 23-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесуі керек еді. Алайда белгісіз жарақатына байланысты кортқа шықпады.