Бұл туралы Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Тоқаев Түркі өркениеті орталығы мен «Мәңгілік Ел» орталығын құру жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді
264
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі өркениеті орталығы мен «Мәңгілік Ел» орталығын құру бастамасының жүзеге асырылып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"13-ші Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзімде биыл Түркістанда өткен басқосуда Түркі өркениеті орталығын және дала өркениетін дәріптейтін "Мәңгілік Ел" орталығын құруды ұсынғанымды атап өттім. Қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенцияны тезірек қабылдау қажет деп санаймын",- деді ол X әлеуметтік желісінде.