Ғалымдар ұйқысы жеткіліксіз адамдардың ашуланшақ болып, жағымсыз жағдайларды ауыр қабылдауы мүмкін екенін анықтады
Америкалық психологиялық қауымдастық жариялаған ғылыми талдауда 50 жыл ішінде жүргізілген 154 зерттеудің нәтижесі қарастырылған. Оларға бес мыңнан астам адам қатысқан. Ғалымдар ұйқының азаюы қуаныш пен қанағаттану сияқты жағымды эмоцияларды әлсіретіп, мазасыздық белгілерін күшейтуі мүмкін екенін анықтаған.
Зерттеу нәтижесі бойынша, тіпті бір-екі түн дұрыс ұйықтамаудың өзі адамның эмоционалдық жағдайына әсер етуі ықтимал. Мамандардың айтуынша, ересек адамдардың көпшілігіне тәулігіне кемінде жеті сағат ұйқы қажет.
Зерттеу 2024 жылы Psychological Bulletin ғылыми журналында жарияланған.
