Актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде қазіргі өмірі туралы сыр шертті, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, бір жыл ішінде өмірінде біраз өзгеріс болған. Актер осы уақыт аралығында кино түсіріп, отбасы құрғанын айтты.
«Осыдан тура бір жыл бұрын Нұрсейіт Жылқышыбай бауырым бір тілек айтып еді. Шүкір, уақыт өте келе сол тілектердің біртіндеп орындалып жатқанын көріп жүрміз. Кино түсірдік, монтаж жұмыстары толық аяқталды. Енді фильмімізді еліміздің барлық кинотеатрларында үлкен экранға шығару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Аллаға шүкір, шаңырақ көтердім. Ендігі арманымыз — нәрестелі болып, сәбидің тәтті күлкісін есту. Сол күнге де амандықпен жетсек, тіпті керемет болар еді. Кейде бір жыл бұрынғы армандарыңа бүгінгі күніңнен қарап, Аллаға шүкір айтасың. Әлі де орындалмаған талай тілек бар. Бәрі де өз уақытымен, қайырлысымен болсын!» — деп жазды ол.
Желі қолданушылары актерге қолдау білдіріп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
"Бағыңыз еселеп жанып, үйіңіз сәбидің күлкісіне толсын, бақытты баянды ғұмыр кешіңіз!", "Жарыңызға менің жолымды беріп, егіз ұл тапсын", "Бақытты болыңыздар", "Ұлды, қызды болыңыз", "Осы сынақ сізге бала сүю үшін берілген сияқты", — деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
